Шымкентте «Қауіпсіздік жолында!» акциясы өтті

0
801

Танымдық акциясы алдағы уақытта қаланың өзгеде аумақтарында жалғасатын болады.


Шымкентте «Қауіпсіздік жолында!» акциясы өтті

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері «Қауіпсіздік жолында!» акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шараға №15 қалалық мектептің 2 сынып оқушылары мен еріктілер қатысты. Аталмыш акцияның мақсаты - тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін үйрету және еске түсіру, төтенше жағдайлар мен қала тұрғындарының үйлеріндегі қайғылы оқиғалардың алдын алу.

Арнайы үлгідегі киімде болған екінші сынып оқушыларымен волонтерлар және ТЖ қызметкерлері нұсқаулық өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын қалай дұрыс жүргізуге бағыт берді.

Танымдық акциясы алдағы уақытта қаланың өзгеде аумақтарында жалғасатын болады.