Шымкентте қазақ күресінен републикалық турнир басталды

0
843

Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.


Шымкентте қазақ күресінен републикалық турнир басталды

Үшінші мегаполисте қазақ күресінен Шымкент қаласы әкімінің кубогына арналған републикалық турнир басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған еліміздің әр аймағынан 200-ге жуық жас балуан қатысуда.

Қазақ күресінен ең ірі жарыс алғаш рет 1938 жылы өткізілген. Содан бері республика аумағында дәстүрлі түрде тұрақты өткізіліп келе жатқан сайыс Шымкентте де ұйымдастырылып отыр.
Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов турнирде сөз алып, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Қажымұқан сынды балуан бабалардан үлгі алған жастарға “Күреспен қатар білім алуға, ғылым үйренуге де шақырамын, шын батырдың күші білегінде емес – жүрегінде, жаман мінезінде емес – мейірімділігінде”, - деді.
Күш пен білімді қатар алуға үндеген қала басшысы турнирге қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.