Шымкентте қазақтың тұңғыш гроссмейстері кубогі үшін шахмат турнирі басталды

0
485

Турнир FIDE ережесіне сәйкес өтуде.


Шымкентте қазақтың тұңғыш гроссмейстері кубогі үшін шахмат турнирі басталды

ERNUR.KZ. Үшінші мегаполисте қазақ қыздарының арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер Гүлісхан Нахбаеваның кубогі үшін кубогы үшін студенттер арасында турнир өтіп жатыр. Оған Шымкенттегі 12 колледжден 41 студент қатысуда.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, қалалық білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева және оқу орындарының басшылары қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Аталмыш турнир FIDE ережесіне сәйкес өтуде. 7 турдан тұратын турнирде шахматшыларға әр турға 15 минут уақыт беріледі. Шахмат турнирі екі күнге жалғасады.
Айта кетейік, Гүлісхан Сайфуллинқызы Нахбаева – 1991 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2012 жылы Қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш гроссмейстер атанды. Қазақстанның алты дүркін чемпионы. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Азияның екі дүркін жеңімпазы. 20 жасқа дейінгілер арасында Азияның күміс жүлдегері. Әйелдер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ, 2013 жылы Ерлер арасында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақ қызы.
Бөлісу