Шымкентте кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

0
594

2021 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында уақытша шектеледі.


Шымкентте кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі

Шымкент қаласында көшелерді орташа жөндеуден өткізу жоспарына сәйкес, бүгінде Тәшенов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаға сәйкес, қолданыстағы ескі жол жабынын фрезерлеу және ЩМА-дан асфальт-бетон жабынын төсеу көзделген. Аталған көшенің жол жабыны соңғы рет 2007 жылы жөндеуден өткен болатын.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасовтың айтуынша, жөнделетін нысанның ұзындығы - 1,7 шақырым. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін көлік қозғалысын шектеу қажеттілігі туындап отыр. Атап айтқанда, Тәшенов көшесіне Төле би көшесінен Төреқұлов көшесіне дейін орам сайын асфальт-бетон жабыны төселеді.
Яғни, Төле би – Түркістан көшесі аралығы, Түркістан – Тәуке хан көшесі аралығы, Тәуке хан – Жылқышиев көшесі аралығы, Жылқышиев – Төреқұлов көшесі аралығы 2021 жылдың 1 тамызы мен 30 тамызы аралығында ішінара уақытша шектеледі.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


ШЫМКЕНТ: Тұрғын үй сертификатына 10 азаматтың өтінімі мақұлданды

Шымкенттік азамат донор болатындардың тізіміне заңсыз енгізілген