Шымкентте кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертілді

0
407

Қонаев - Рысқұлов даңғылының ашылуына байланысты өзгерістер енгізіледі.


Шымкентте кейбір маршруттардың қозғалыс сызбасы өзгертілді

Шымкентте Қонаев - Рысқұлов даңғылының ашылуына байланысты маршруттардың қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда, кезінде Дулати, Байтұрысынов арқылы жүргізілген бірқатар қоғамдық көліктердің қозғалыс сызбасы өзгерді.
Атап айтатын болсақ №10, №17, №27, №35, №37, №45, №56, №57, №72, №158 бағыттар бойынша өзгерістер енгізілген болады.
Жуырда пайдалануға берілген Қонаев-Рысқұлов даңғылындағы жолайрықтың ашылуы қала көшелеріндегі көлік кептелісін азайтуға септігін тигізеді.