Шымкентте кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды

0
493

«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер 4 қазаннан бастап 17 қазанға дейін қабылданады.


Шымкентте кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының аясында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданында кезекті рет «Халық қатысатын бюджет» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобаның мақсаты Әл-Фараби ауданының аумағын абаттандыру, дамыту бойынша жергілікті бюджет қаражатын бөлу процесіне қала тұрғындарын қатыстыру арқылы қалалық бюджетті қалыптастырудың ашықтығын, қолжетімділігін қамтамасыз ету.
«Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша тұрғындардан өтінімдер 4 қазаннан бастап 17 қазанға дейін қабылданады. Кез-келген аудан тұрғыны аудан аумағын абаттандыру, дамыту және жақсарту бойынша өз идеясын ұсына алады.
Егер Сіздің жобалық ұсынысыңызды дауыс беру процесінде басқа тұрғындар қолдаса, ол жоба қалалық бюджет есебінен жүзеге асыруға ұсынылады.
Жобалық ұсыныстар бойынша өтінімдер Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында қабылданады.
Жобаға қатысты қосымша ақпараттармен Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналасқан «Халық қатысатын бюджет» сілтемесі арқылы танысуға болады.