Шымкентте «Халыққа заңды көмек» акциясы өтті

0
2 342

Мақсаты — азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне тегін кеңес беріп, туындаған проблемалық мәселелердің шешімін табуға құқықтық көмек көрсету.


Шымкентте «Халыққа заңды көмек» акциясы өтті

Үшінші мегаполистегі тұрғындар «Халыққа заңды көмек» акциясы аясында заңгерлер мен адвокаттардан тегін құқықтық кеңес алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әділет департаментінде өткен акцияның мақсаты — тұрғындардың құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру, азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдеріне тегін заң кеңестерін ұсыну және туындаған проблемалық мәселелердің шешімін табуға құқықтық көмек көрсету.
Акция барысында нотариустар мен медиаторлар және сот орындаушылары өтініштермен келген азаматтарды тыңдап, құқықтық сұрақтар бойынша заң аясында азаматтарға бағыт-бағдар берді.
Әділдік іздеп жүрген жандар аз емес және олардың сұрақтары көбіне жауапсыз қалып жатады. Ал бүгін олар тегін кеңес алып қайтты, дейді ұйымдастырушылар.