Шымкентте халықтық скринингтің маңыздылығы жайында баспасөз конференциясы өтті

0
263

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың көрсеткіші


Шымкентте халықтық скринингтің маңыздылығы жайында баспасөз конференциясы өтті

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Халықтық скринингтің маңыздылығы: ағымдағы қажеттіліктерге шолу» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.

Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Абдуллаев Бақытжан Жүсіпәліұлы мен қалалық онкология орталығының бас дәрігері Мауленов Жақсылық Оразбайұлы аталған тақырып бойынша баяндады.

Сспикерлердің мәліметінше, скринингтік тексерулердің 2023 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласында қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық нәтижелері 100 мың тұрғынға шаққанда 124,9 – 1506 жағдайды құраған (2022 жылдың 12 айында – 100 мың тұрғынға шаққанда 116,4, 1357 жағдай), сырқаттанушылықтың 7% - ға өсуі байқалған.

Қатерлі ісік құрылымында сүт безі қатерлі ісігі бірінші орында (14,3%.); екіншісінде – өкпе обыры (8,5%), үшіншісінде – колоректальды Обыр (7,9%); төртіншісінде – асқазан обыры (7,6%); бесінші орында – жатыр мойны обыры (6,6%).
Ал Қазақстан Республикасы бойынша қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың құрылымы: бірінші орын - сүт безі обыры (13,3%, 5 507 сл.), екіншісі – колоректальды қатерлі ісік (9,5%, 3 939 сл.), үшіншісі – өкпе обыры (9,3%, 3 872 сл.), төртінші-асқазан обыры (6,9%, 2 874 сл.), бесінші – жатыр мойны обыры (4,9%, 2 035 сл.) болып отыр.
Скринингтік тексеру оң нәтижелі болуы үшін, СБР және ЖМР скринингтік зерттеулерге жататын адамдардың нысаналы топтардың 90 пайызын қамтыуы, ал КРР 70 пайыздан төмен болмауы тиіс.
Атап айтқанда:
1. Сүт безі рагіне 40-70 жас аралығында, әр екі жылда ;
2. Жатыр мойны рагіне 30-70 жас аралығында, әр төрт жылда;
3. Колоректальды рагіне 50-70 жас аралығында, әр екі жылда.

Скринингтерден тексеруде қарастырылған белгілі бір жас тобына кіретіндер өтеді. Мәселен, жатыр мойны обырын скринингтен 30-70 жас аралығындағы әйелдер 4 жылда 1 рет өтуі керек. Егер осы жылы науқас скринингтен өту үшін тізімге енгізілсе, учаскелік медбике оны скринингке шақырып, тексеруге қалай дайындалу керектігін айтады.

Ақапарт үшін, скрининг (ағылшын сөзі. скрининг — "іріктеу, сұрыптау") — клиникалық асимптоматикалық тұлғалардағы ауруларды анықтауға бағытталған. Ауруды ерте кезеңде анықтау – оның дамуына жол бермейді. Соның ішінде онкологиялық ісіктерді ерте анықтау арқылы адам өмірін сақтап қалуға да болады.

Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау. Скринингтен өту әрбір азаматтың міндеті болып табылады. Жұмыс беруші тарап қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, олардың тексерілуден асықпай өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті. Бұл туралы "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР Кодексінде айтылған.

Бөлісу