Шымкентте хоккейден жасөспірімдер арасында турнир басталды

0
623

Жеңімпаз және жүлдегер командалар 15 қазан күні анықталады.


Шымкентте хоккейден жасөспірімдер арасында турнир басталды

Шымкент қаласында 11-15 қазан аралығында шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнир өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін қалалық «Мұз сарайында» жасөспірімдердің бәсекесі бастау алды. Жарысқа Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы қатысуда.

Бүгін кешкі бағдарламада Шымкент қаласының «Turan» командасы елордалық «Barys» командасына қарсы алғашқы бәсекесін өткізеді.
Жеңімпаз және жүлдегер командалар 15 қазан күні анықталады.