Шымкентте кілем дүкені өртенді

0
2 528

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.


Шымкентте кілем дүкені өртенді

Шымкентте кілем сататын дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

9 маусым күні сағат 16.54-те Мейірімді көшесі 25 үй мекенжайынан өрт туралы хабарлама келіп түскен. Жекелеген бір қабатты ғимаратта кілем сататын «Есенжол» дүкенінде ашық отсыз қатты түтіндеу орын алған. Дүкеннің жалпы көлемі 432 шаршы метрді құрайды.

"Ғимаратта кілемдердің түтіндеуінен қалын түтін шыққан. Өрттің жалпы көлемі 260 шаршы метр. Өрт сағат 17.41-де оқшауланып, сағат 18.15-те толық сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығынның көлемі анықталуда. Оқиға орнында Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамында 40 адам және 6 техника жұмыс атқарды,"- деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.