Шымкентте кішкентай бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен

0
646

Оқиғаға байланысты балабақша қызметкерлеріне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.


Шымкентте кішкентай бүлдіршін балабақшадан қашып кеткен

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден
Шымкенттегі балабақшалардың бірінен кішкентай бүлдіршін қашып кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Білім басқармасының мәліметінше, аталған оқиға 1 наурыз күні №60 "Тараз" мемлекеттік балабақшасында орын алған.

"Жұлдыз" тобының тәрбиешісі сағат 17:04-те баламен бірге төменге түскен. Себебі төменде баланың әжесі күтіп тұрған. Белгілі болғандай, бала бақша аумағынан шығып кеткен. Балабақша қызметкерлері дереу тауып, баланы 17:35-те балабақшаға алып келді” - делінген баспасөз хабарламасында.

Оқиғаға байланысты балабақша қызметкерлеріне "қатаң сөгіс" түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. №60 "Тараз" бала бақшасының меңгерушісіне қатысты ҚР Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес "сөгіс"түрінде тәртіптік жаза қолданылды.

Қауіпсіздік мақсатында балалардың қаланың мектепке дейінгі ұйымдарында болуы кезеңінде және МКҚК №60 "Тараз" балабақшасында болған инцидентке байланысты жағдай Шымкент қаласы білім басқармасы тарапынан қатаң бақылауға алынды.