Шымкентте «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды

0
2 901

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтарға ие болады.


Шымкентте «Кітап оқып, рухани бай бол!» байқауы жарияланды

Шымкент қаласында «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі және «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастыруымен кітап оқушылар сайысы басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқырмандардың танымын кеңейтіп, өресін биіктету мақсатында ұйымдастырылған бұл жобаның қатысушылары екі кезең бойынша бақ сынайды.


Атап айтсақ, бірінші кезеңде қатысушылар әдеби шығармадан үзіндіні мәнерлеп оқып, оны Facebook және Instagram әлеуметтік желісінде эстафета форматында жолдайды. Сондай-ақ эстафетаны Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің аккаунттары мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ресми аккаунтын белгілеп, #shymkent #RuhaniJangyry #KitapOqypRuhaniBaiBol хештэгтері арқылы жариялауы тиіс.


Сондай-ақ, екінші кезеңге әлеуметтік желілерде көп лайк жинап, репосттарға ие болған үздік 10 қатысушы жолдама алады. Бұл кезеңде қатысушылар арасында әдеби шығарма желісінде дебат өтіп, арнайы тағайындалған қазылар алқасы үздік шыққан жеңімпаздарды анықтайды. Ал, байқай қорытындысында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар беріледі.

Айта кетейік, байқау туралы толық ақпаратты 8-707-289-44-75 байланыс телефоны арқылы білуге болады.