Шымкентте кітапханалар заман талабына сай жаңартылады

0
312

Шымкент қаласындағы 5 кітапхананың 37 филиалы бар.


Шымкентте кітапханалар заман талабына сай жаңартылады

Шымкент кітапханалары заманауи талаптарға сай жаңарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мәлім етті.
– Кітапхана желісінің қызметіне жасалған талдау нәтижесі бойынша республикалық маңызы бар қалалардағы ең төменгі нормативке сай 20 мың адамға 1 кітапхана, ал 1 оқырман орнына кітапхана қорының 2 мың сақтау бірлігі қажет екенін көрсетті. Яғни, жаңа замандағы дизайнмен жасақталған, Қазақстанның, әлемнің электрондық кітапхана жүйелеріне тікелей қосылған тартылыс нүктелерін құру өте маңызды. Сондықтан келесі жылы Әл-Фараби атындағы (Отырар) ғылыми-әмбебап кітапхананы, Абай атындағы орталық кітапхананы және кітапхана жүйесінің №5 филиалын заманауи жаңғыртуды жоспарлап отырмыз, – деді Ханзада Әзімханқызы.
Басқарма басшысының сөзінше, биыл қалада 5 мәдениет мекемесінде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.
Айта кетейік, Шымкент қаласындағы кітапхана жүйесіне 5 кітапхана кіреді. Оның 37 филиалы бар.
Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет