Шымкентте қоғам мен билік арасындағы диалог мәселелері талқыланды

0
1 380

Билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады.


Шымкентте қоғам мен билік арасындағы диалог мәселелері талқыланды

ҚР Президент көмекшісі Балаева Аида Ғалымқызы Қоғамдық кеңес өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева Шымкент қаласының Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Тиісінше, бұл жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай, қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Жанар Бектаева қатысты.

Сондай-ақ, басқосуда Шымкент қаласының «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дариякүл Қожамжарова және «Шымкент орыс драма театрының» директоры Игорь Вербицкий баяндама жасады.

Сонымен қатар, кездесуге қатысушылар билік пен қоғам арасында тұрақты диолог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыру және азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайту мәселерін қарады.