Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады

0
774

Қалада карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды


Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады

Шымкент қаласында карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады.


Атап айтқанда, мына жерлердің жұмысы бұрынғыша тоқтап тұр:

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана6 кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің);
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым;
  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар);
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер;
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді.