Шымкентте қоғамдық жұмыстарға 2000-ға жуық азамат тартылды

0
2 478

Жұмыссыздыққа жыл басынан бері 3 мыңнан астам адам тіркелген.


Шымкентте қоғамдық жұмыстарға 2000-ға жуық азамат тартылды

Шымкентте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты бойынша ақылы қоғамдық жұмыстарға жыл басынан бері 1873 адам тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сондай жұмыспен қамтылған азаматтардың бірі - Ақтөре Айтуғанов. Ақтөре«Халықтар достығы» университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, ақылы қоғамдық жұмыспен Шымкент қаласының Еңбек инспекциясы және көші-қон басқармасына жолдама алды.


- Оқуды бітіріп, дипломымды қолға алған соң мамандығым бойынша жұмыстабыла қойған жоқ. Бірде әлеуметтік желіде «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы жазбаны көзім шалып қалды. Ерінбей оқып, танысып шықтым. Жылдың басында қалалық Жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркеліп, қажетті құжаттарымды тапсырдым. Көп ұзамай қолыма жолдама алдым. Бұл - менің мемлекеттік мекемедегі алғашқы қадамым. Тәжірибе жинап жатырмын. Жұмысым өзіме ұнайды. Бұл бағдарлама мен сияқты жас мамандардың нағыз кәсіби маман болып қалыптасуына даңғыл жол ашады, - дейді А. Айтуғанов.