Шымкентте қоқыс алаңшаларын жуып-тазалау жұмыстары жүріп жатыр

0
1 398

Жұмыстар алдағы уақытта кестеге сай өз жалгасын табатын болады.


Шымкентте қоқыс алаңшаларын жуып-тазалау жұмыстары жүріп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында қоқыс алаңшаларын дизенфекциялау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан аумағындағы жоғарғы Отырар, төменгі Отырар және Айқап шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерге арналған қоқыс алаңшаларын тазарту, жуу, дезинфекциялау жұмыстары атқарылып жатыр. Аталған жұмыстар қоқыс алаңшаларына қызмет көрсетуші «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і тарапынан жүргізілуде.

Айта кетейік, мұндай жұмыстар алдағы уақытта кестеге сай өз жалғасын табатын болады.