Шымкентте қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды

0
1 069

Тергеу барысында 1996 жылы туылған күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.


Шымкентте қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды
иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында қоқыс жәшігінен табылған сәбидің анасы ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

18 қазан күні полицияға Рысқұлов көшесінің бойында орналасқан қоқыс жәшіктерін тазалау барысында "ЛТД-Тұрмыс" ЖШС-нің қызметкерлері жаңа туған баланың мәйіті бар пакетті тапқаны туралы хабарлама түсті.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 100-бабымен (Жаңа туған баланы анасының өлтіруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Нәрестенің мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Тергеу барысында 1996 жылы туылған күдікті азаматша анықталып, полицияға жеткізілді.

Полиция Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу құпиясын сақтау және қамтамасыз ету мақсатында басқа ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.