Шымкентте көлікпен үш бүлдіршінді соққан бозбалаға қатысты сот үкімі шықты

0
829

2002 жылы туған Т. сот үкімімен бір жыл бас бостандығынан айырылды.


Шымкентте көлікпен үш бүлдіршінді соққан бозбалаға қатысты сот үкімі шықты

Шымкентте көлікпен үш бүлдіршінді соқан бозбалаға қатысты сот үкімі шықты деп хабарлайды Ernur.kz тілшісі.

2002 жылы туған Т. сот үкімімен бір жыл бас бостандығынан айырылды. Жол-көлік оқиғасы өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 2008 және 2009 туған екі ер бала түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Соқтығыс сал­дарынан бір отбасының жалғыз ұлы 6 жасар бала көз жұмған бол­атын. Кәмелетке толм­аған Т.А. «Mitsubi­shi Outlander» көл­ігімен Әлімбетов көш­есі бойындағы № 70 үйдің маңында ойнап жүрген 11, 10 және 6 жасар балаларды қа­ғып кеткен. Алты жас­ар бала оқиға орнында қайтыс боп, екі ба­ла жарақат алған. Кә­мелетке толмаған көл­ік жүргізушісі ҚР ҚК нің 345 бабының 3-ші бөлігімен айыпталы­п, сотта кінәлі деп танылды. Шымкент қал­асының Кәмелетке тол­мағандардың істер жө­ніндегі мамандандыры­лған ауданаралық сот­ының үкімімен жасөсп­ірімге бір жыл бас бостандығын айыру жаз­асы тағайындалды.

"Судья сотталушының жазасының түрі мен көлемін айқындай оты­рып, сотталушының бұ­рын сотты болмағанын, өзінің кінәсін тол­ық мойындағанын, қыл­мысты кәмелетке толм­аған кезінде жасаған­ын және Т.Абдимуми­нұлына қатысты жеңіл­дететін мән-жайларды ескере отырып, ҚК-н­ің 63-бабымен шартты түрде жаза тағайынд­ау көзделгенімен, со­тталушының қылмыстық әрекеті салдарынан бір отбасының жалғыз 6 жасар баласының қаза табуына байланыс­ты, оған бір жыл бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды,"- деп мәлімдеді Шымк­ент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Ай­та кету керек, сот үкімі заңды күшіне ен­ген жоқ. Бұл істі со­тта қарау барысында полицейлердің заңбұз­ушылықтарға жол берг­ені анықталған. Сонд­ықтан сот Шымкент қа­ласының полиция депа­ртаменті басшысының атына жекеше қаулы шығарды.