Шымкентте Қонаев даңғылындағы темір қоршаулар алынып жатыр

0
1 525

Сала мамандарының айтуынша, жол ортасына отырғызылған ағаштар өсіп, көлік жүргізушілеріне кедергі жасауда.


Шымкентте Қонаев даңғылындағы темір қоршаулар алынып жатыр

ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы Д.Қонаев даңғылында жолды бөліп тұрған темір қоршаулар қайта алынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Сала мамандарының айтуынша, жол ортасына отырғызылған ағаштар өсіп, көлік жүргізушілеріне кедергі жасауда.

Соның салдарынан жол көлік оқиғасы жиілеген. Қала тазалығына жауапты компания жұмысшылары темір қоршауларды кешеден бері қырқа бастаған.

Айтуларынша бұл шарбақтар қаланың өзге көшелеріне орнатылады.