Шымкентте кондитер маманы көпбалалы аналарға шеберлік сабағын өткізді

0
774

Шеберлік сабағына қатысушылар бір күнде 12 түрлі тәтті пісіруді үйренді.


Шымкентте кондитер маманы көпбалалы аналарға шеберлік сабағын өткізді
Шымкент қаласының «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығында көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Орталық жұмысының бір бағыты – өз кәсібін ашып, табыс табуға барынша ықпал ету.
Осы бағыт шеңберінде қаладағы белгілі кондитер шебері Гүлдана Қансейітованың 8 сағаттық «Новые пироги» шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Оған орталыққа тіркелген отбасылардың мүшелері қатысып, бір күнде 12 түрлі тәтті пісіруді үйренді.
Қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді. Келешекте тәтті пісіру өнерін меңгерген әйелдер үйде отырып, табыс табуға мүмкіндік алып отыр.
Отбасы институтын қолдау орталығы аналарға өз кәсібін бастауға жол көрсетіп, тәлімгер болған Гүлдана шеберге алғыс білдіреді. Алда мұндай шеберлік сабақтары жиі өткізіліп тұрмақ.