Шымкентте көп қабатты 70 үй жөнделеді

0
627

Шымкентте биыл көп қабатты 70 үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. 18-і жаңарды, қалған 37-сі бітуге жақын.


Шымкентте көп қабатты 70 үй жөнделеді

Шымкентте көп қабатты 70 үй жөнделеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі таңда 18 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды. Ал 37 тұрғын үйде жұмыстар жалғасу үстінде. 1 үйде жұмыстар енді басталатын болса, қалған 14 үйдің тұрғындары жөндеу жұмыстарын өздері жасағандықтан бастартқан.
Аяқталған жұмыстардың сапасын тексеру мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам шағын ауданында орналасқан көпқабатты үйлерге барды.
Ерімбетов көшесіндегі №34а, 30, 33, 9 тұрғын үйлердің шатырлары ауыстырылып, кіреберіске жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейбірінің қасбеті жаңа кейіпке енсе, енді бірінің лифттері жөнделген. Одан өзге жертөле, кәріз жүйесі, электротехникалық және монтаж жұмыстары атқарылған.
Модернизациялау жұмыстарына жауапты - «Тұрғын үй- Шымкент» ЖШС мердігер мекемесі.

Мұрат Әйтенов тұрғын үй төрайымдарымен кездесіп, атқарылған жұмыстарды көрді. Сондай-ақ, сала басшысына жұмысы аяқталмаған нысандарды мерзімінде сапалы аяқтауды жүктеді.