Шымкентте көпбалалы аналар инстаграм арқылы өз кәсібін жүргізуді үйренді

0
724

SMM курс сабақтары бір ай өткізілді.


Шымкентте көпбалалы аналар инстаграм арқылы өз кәсібін жүргізуді үйренді

Шымкент қаласында көпбалалы аналар массаж бен SMM курсын аяқтап, сертификатқа ие болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы "SHANYRAQ" Отбасы институтын қолдау орталығы "Шаңырақ" жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы қоғамдық бірлестігімен жасалған меморандум шеңберінде көпбалалы аналарға көмек ретінде тұрақты түрде массаж және SMM курстарын ұйымдастырып келе жатыр.
SMM курс сабақтары бір ай, массаж дәрістері 5 күн 2 сағаттан өткізілді. Толық қатысып, массаж курсын оқып шыққан 12 анаға арнайы сертификат табысталып, өз кәсібін дамытуға мүмкіндік берілді. SMM курсын оқып шыққан 8 ана инстаграм арқылы өз кәсібін жүргізу жолдарын меңгерді.