Шымкентте көпбалалы аналар марапатталды

0
586

Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.


Шымкентте көпбалалы аналар марапатталды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында 15 ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданында 439 «Алтын алқа» және 1300 «Күміс алқа» иегері бар. Бүгін алтын құрсақты аналардың қатары тағы да толықты. Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мамытұлы ауданның көп балалы аналарымен кездесіп, 3 ананы « Алтын алқа», 12 ананы «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапаттады.
«Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы- баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымас береке-бірлік тілеймін. Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар», - деді Рашид Мамытұлы құттықтау сөзінде.
Айта кетейік, ағымдағы жылы Әл-Фараби ауданында 18 анаға «Алтын алқа» және 72 анаға «Күміс алқа» табысталды.