Шымкентте көпбалалы аналар массаж үйрену курсына қатысып жатыр

0
639

Аталған курс 25 күн аралығында 10 ананы оқытып, 36 сағаттық курс өткізіледі.


Шымкентте көпбалалы аналар массаж үйрену курсына қатысып жатыр

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» Отбасы институты қолдау орталығында 2021 жылдың мамыр айынан бастау алған көпбалалы аналар мен аз қамтылған мұқтаж аналарға көмек беру мақсатында массаж жасау бойынша тегін курстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аналарға массаж жасау курсын «Меруерт» оқу орталығының білікті маманы Кудайбергенова Лаура ханым үйретеді. Аталған курс 25 күн аралығында 10 ананы оқытып, 36 сағаттық курс өткізіледі.

15 қыркүйек күні осы курсқа алдын ала жазылған қөпбалалы аналар, көмекке мұқтаж аналардан құралған топ жасақталады.

Курс біткеннен кейін белгіленген тәртіпті сақтап, белсенді қатысқан болашақ массажист аналарға сертификат табысталады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында 49 405 көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар саны – 15 361.