Шымкентте көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді

0
362

Жиынға қалалық тұрғын үй басқармасы, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.


Шымкентте көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді

Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ұйымдастыруымен «SHANYRAQ» орталығында көпбалалы аналарға кәсіби кеңес берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға қалалық тұрғын үй басқармасы, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.
Мамандар көпбалалы аналардың сұрақтары мен өтініштері бойынша кеңестер беріп, заң аясында шешу жолдарын қарастырды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған әлеуметтік портал және атаулы әлеуметтік көмекке байланысты онлайн құжат тапсырудың тиімділігі мен атаулы әлеуметтік көмек туралы түсіндірме жүргізді.
Айта кету керек, атаулы әлеуметтік көмек - табысы төмен азаматтарға төленетін мемлекеттік қаржылай қолдау. Өтінішке құжат тапсырғаннан кейін арнайы құрылған комиссия өтініш тапсырушының тұрмыстық жағдайын тексеріп шешім қабылдайды. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың отбасылық табысы жан басына шаққандағы кедейлік шегі 22 535 теңгеден төмен болған жағдайда тағайындалады. Ал, жұмыссыз жүрген азаматтарға қалалық жұмыспен қамту орталығы тарапынан «Жұмыспен қамтудың» белсенді шараларына қатысу ұсынылуда.
Басқарма тарапынан алдағы уақытта халыққа түсіндірме жұмыстарын жүргізуге бағытталған осы іспеттес кездесулер жалғасын таппақ.