Шымкентте көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үйірмелерге тегін қатысып жатыр

0
379

Көпбалалы отбасылардың 40-тан астам балалары «Нұрсәт» өнер мектебіндегі үйірмелерге тегін қатысуда.


Шымкентте көпбалалы отбасыдан шыққан балалар үйірмелерге тегін қатысып жатыр

Шымкент қаласы «SHANYRAQ» орталығындағы көпбалалы отбасыдан шыққан балалар тегін шығармашылық курстарға қатысуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласында «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы 2020 жылдың 12 қыркүйек күні ашылған болатын. Содан бері орталық аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында жұмыс жүргізеді. Атап айтқанда, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық жәрдем, үкіметтік емес ұйымдармен, медиациямен бірлескен жұмыс, өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдем, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар бойынша жүйелі іс-шаралар өткізілуде.


Жақында, 23 маусым күні ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатында орталықта «Нұрсәт» өнер мектебімен бірлескен меморандум түзілді. Меморандум мақсаты – мемлекет пен ҮЕҰ арасында тиімді жұмыс істейтін диалог алаңын ұйымдастыру, әлеуметтік саладағы ең өзекті мәселелерді бірлесе шешу арқылы Шымкент қаласында көпбалалы, мұқтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсету бойынша іс-қимылдарды жүзеге асыру.


Аталған меморандум аясында «Shanyraq» орталығына тіркелген отбасы балаларына тегін жолдамалар ұсынылып, жұмыстар жүргізілуде. Көпбалалы отбасылардың 40-тан астам балалары «Нұрсәт» өнер мектебіндегі үйірмелерге тегін қатысуда. Олар хореография, қолөнер, көркемсурет, киім дизайны және т.б. үйірме түрлеріне қатысып, уақыттарын пайдалы өткізуде.

Сонымен бірге «SHANYRAQ» орталығында күн сайын түрлі кездесулер, бизнес-тренинг, психологиялық семинар және тегін курстар өткізіледі.