Шымкентте көпбалалы отбасылар үш жылдың ішінде баспаналы болады

0
1 036

Бұл туралы Шымкент әкімдігінде өткен баспасөз брифингінде мәлім болды.


Шымкентте көпбалалы отбасылар үш жылдың ішінде баспаналы болады

Бүгін Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы атқарған және жоспарланған жұмыстары бойынша баспасөз брифингін ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы өкілінің айтуынша, бүгінгі таңда Шымкент қаласында коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде 39 170 азамат тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға артып отырғандығын айтып өтті.

Сонымен қатар, оның ішінде санат бойынша 1639 азамат жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса, 12 285 азамат халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы, ал 21 066 азамат мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер тіркелсе, 24 адам жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтардың тізімде бар екендігін жеткізді.

Сондай-ақ, оның айтуынша бүгінгі күні, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатында тіркелген «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар есебінің бөлек тізімі шығарылып, 4152 мұқтаж адамдарды құрағандығы айтты.

"Ақпан айынан бастап көпбалалылар туралы өте көп мәселелер көтерілді. Бізде бес санат болатын кезекке тұру үшін, қазір алты санат болды. Көпбалалы отбасалырды біз бөлек санатқа шығардық. Бүгінде ол тізімдегілердің саны 4 мыңнан асты. Үш жылдың көлемінде біз толық осы санат бойынша азаматтарды қамтимыз", - деді Шымкент қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мәлік Әбдінұров.