Шымкентте көпқабатты 32 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді

0
719

Тағы көпқабатты 4 тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.


Шымкентте  көпқабатты 32 тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді

Шымкентте жыл басынан бері 32 көпқабатты тұрғын үйдің 11-де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қалған ғимараттар ағымдағы жөндеуден өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Құрылыс кезінде үйлердің шатыры жөнделіп, жертөледегі кәріз жүйелері жаңартылды, әрлеу-сырлау жұмыстары атқарылды.

Қазір Нұрсәт тұрғын алабындағы №56,89 және Нұрсат шағын ауданындағы №216 коммуналдық меншіктегі көппәтерлі тұрғын үйлердің жедел сатыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек жыл соңына дейін 16 көппәтерлі тұрғын үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын меншік иелерінің келісімімен қайтарымды негізде бюджеттік кредит есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Қазіргі таңда 11 тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Ал 4 көпқабатты тұрғын үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда.