Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты

0
1 323

Тілсіз жау салдарынан екі адам зардап шеккен.


Шымкентте көпқабатты үйден өрт шықты

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласы Молдағұлова көшесіндегі 9-шы үйді жалын шарпып, пәтер жиһаздары, есік-терезе мен үй заттары өртеніп кеткен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, тілсіз жау таңғы 08.40 шамасында тұтанған және пәтердің 38 шаршы метр аумағы жанып кеткен. Сондай-ақ, сағат 09.15-те ауыздықталған өрт салдарынан екі адам зардап шегіп, тағы он бес адам қауіпсіз жерге көшірілген. Оның үшеуі балалар.

«Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Ә.Молдағұлова көшесіндегі 9-үйден өрт шыққаны туралы хабарлама Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне сағат 08.47-де келіп түскен. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 16 адам мен 6 арнайы техника жұмылдырылды», - делінген Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.