Шымкентте көрнекті ақынның мерейтойына арналған кеш өтті

0
1 889

Ақын Ханбибі Есенқарақызы 70 жаста!


Шымкентте көрнекті ақынның мерейтойына арналған кеш өтті

Шымкент қаласында ҚР еңбек сіңірген қызметкері, "Парасат" орденінің иегері, көрнекті ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызының 70 жылдық мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айтулы мерекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Өзбекстан Республикасынан келген мәртебелі қонақтармен қатар, философия ғылымының докторы, профессор Амангелді Айталы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов және де Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов арнайы қатысты.

Сондай-ақ, іс-шара барысында тақырыптық кітап көрмесі қойылып, ақынның тұсауы кесілген 10 томдық шығармалар жинағы оқырмандарға жол тартты. Оған қоса, арнайы кеште«Сыр шертемін ешкімге айтылмаған...» атты ақынның өмірі мен еңбек жолынан сыр шертетін бейнефильм көрермен назарына ұсынылды.

Сонымен қатар, кездесу барысында шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы халық жазушысының қазақ әдебиетіне қосқан сүбелі үлесін ерекше атап өтіп, шынайы ыстық ықыласын жеткізді.

"Сізді әдебиет әлемінде жақсы танимыз.Сіздің өлеңдеріңізден тек ақындығыңыз ғана емес,отансүйгіш қасиетіңізді байқаймыз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып қалыптасыуына да қосқан үлесіңіз орасан. Қазақ әдебиеті арқылы елімізге баға жетпесеңбек сіңіріп келесіз. Қанатыңыз ешқашан талмасын", - деді Ерлан Қуанышұлы.

Ал, қайырымды қаланың ыстық ілтипатына бөленген кеш иесі де руханиятқа толы әңгімелерін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін жеткізді.