​Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 жағдай туралы ақпарат шықты

0
759

Қалада вирусқа шалдыққан 57 адам анықталды.


​Шымкентте коронавирус жұқтырған 11 жағдай туралы ақпарат шықты

Шымкент қаласында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 11 жағдай туралы белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауру жұқтырған азаматтар 1956ж, 2004ж, 1978ж,1981ж,1977ж, 1992ж,1967ж, 1946ж, 1969ж,1968ж,1979ж, Шымкент қаласының тұрғындары . Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. Ауру жұқтырған 11 азамат екі отбасының мүшелері.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты үш ошақ анықталды: "Самал 2" шағын ауданы, Тассай тұрғын алабы және Түркістан облыстық психикалық денсаулық орталығы.
18 сәуір бойынша қалада COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 57 адам анықталды.