Шымкентте коронавирустан өзге инфекциялық аурулардың тіркелуі азайған

0
674

Шымкент қаласында 2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша 5025 covid-19 жағдайы тіркелген.


Шымкентте коронавирустан өзге инфекциялық аурулардың тіркелуі азайған

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлік нысан иелерінен санитарлық нормаларды сақтауға шақырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

– Мақсатымыз айыппұл өсімін көбейту емес, бірақ кәсіпкерлік нысан иелері талапқа сай жұмыс істемесе, шара қолданамыз. Бұл ретте эпидемиологиялық ахуал кезіндегі қаламыздағы дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша айтсам, 457-і дәріханаға тексеру жүргізілді. Олардың 87-сінен заң талаптарын бұзу анықталып, айыппұл салынды. Және олардың 27-сі сотқа жолданып, бүгінде 8-не тергеу жұмыстары жүргізілуде, – деді Ә.Төлебаев бүгінгі өткен брифинг барысында.

Әбдіманап Қошқарұлының сөзіне сүйенсек, коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары кезінде қалада осы жылы өзге де инфекциялық аурулар (оба, тырысқақ, құтыру, паратиф, дифтерия, көкжөтел, қызамық, іш сүзегі, полиомиелит, сальмонеллез) тіркелмеген.

Ал қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Тимирхан Исабалұлының айтуынша, Шымкент қаласында 2020 жылғы 5 тамыздағы жағдай бойынша 5025 covid-19 жағдайы тіркелген. Оның ішінде симптомдық – 2572, симптомсыз – 2453. Ал өткен тәулікте 14 адам вирус жұқтырған.