Шымкентте көшелерге қоқыс тастамау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді

0
437

Рейдтік жұмыстың мақсаты – қала тұрғындарын тазалыққа шақыру және көше мәдениетін қалыптастыру.


Шымкентте көшелерге қоқыс тастамау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізілді

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы мамандары мен полиция қызметкерлері бірлесіп көшелерге қоқыс тастамау бойынша рейдтік жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Рейдтік жұмыстың мақсаты – қала тұрғындарын тазалыққа шақыру және көше мәдениетін қалыптастыру.
Аудан аумағына қарасты Қазыбек би, Ерманов, Толстой, Желтоқсан және Жылқышиев көшелері назарға алынып, құрылыс қалдықтарын көшеге төккен және абаттандыру жұмыстарының ережесін бұзған бірнеше кәсіпкерлік орын анықталған. Жауапты мамандар тарапынан түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 505 бабына сәйкес айыппұл салынды.
Айта кетейік, жыл басынан Әл-Фараби ауданы тұрғындарына 4 175 әкімшілік хаттама толтырылған. Оның 4 120-на ескерту берілсе, 55 азаматқа ереже бұзғандықтан айыппұл салынған.