Шымкентте көшелерге жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылып жатыр

0
387

Көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте көшелерге жаңа үлгідегі тақтайшалар орнатылып жатыр

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында атауы жоқ 265 көшеге республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытындысы шығып, қалалық мәслихаттың шешіміне сәйкес, көше атаулары берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған көшелерге жаңа үлгідегі QR коды бар тақтайша ілу жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда Нұршуақ және Құрсай шағынауданындарында жалпы саны 60 көшеге ілу жұмыстары атқарылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.
Аталған жұмыстар биыл өткізілетін «ҚР халқының ұлттық санағын» тиімді әрі жоспарлы түрде өткізуге мүмкіндік береді. Себебі тақтайшадағы QR-кодты тұрғындар ақпараттық көмек құралы ретінде пайдалана алады. Бұл бірегей қосымша орнатылған нысан жайында кеңінен таныстырып, бірнеше функционалдық қызмет түрін көрсетеді.