Шымкентте қосымша жаңа бағыттар ашылды

0
392

Қалада 1 желтоқсаннан бастап 50 жаңа автобус желіге шығарылған еді.


Шымкентте қосымша жаңа бағыттар ашылды

Шымкент каласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов тікелей эфирде тұрғындар сауалына жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқарма басшысы қоғамдық көліктің бағыттары, атқарылған жұмыстар және жалпы жол құрылысының барысын баяндады.
Қалада 1 желтоқсаннан бастап 50 жаңа автобус желіге шығарылған еді. Аталған автобустар № 104, № 60 маршруттарда және № 6, № 51, № 67 жаңа бағыттарды қызмет көрсетуде.
Е.Жолдасов қалалық қоғамдық көліктердің кешенді сызбасына бірқатар өзгеріс енгізілгенін атап өтті. Тұрғандардың сұранысы бойынша № 61 бағыт сызбасы ұзартылды. Спатаев көшесінен «Көл» аялдамасына дейін қызмет көрсететін бағыттағы автобус енді «Барыс базарына» дейін қатынайды.
Жуырда пайдалануға берілген 240 автобус есебінен төрт жаңа бағыт ашылып отыр. Атап айтсақ, шаһардағы №1 автожолдан қаланың әуежайына дейін №66, Қызылсу шағынауданы аймағынан «Айна» базарына дейін №71, Сәуле шағынауданы 276 орамнан Жандосов көшесіне дейін № 43, № 115 мектеп пен «Гиперхаус СҮ» дейін № 54 бағыт жолаушылар тасымалдауда.
Жаңадан қолданысқа берілген «Yutong» маркалы автобустар №17, 21, 42, 113, 133, 158, 182 бағыттарда қызмет көрсетеді. Ал олардың орнындағы «Ankai» маркалы автобустар №2, 10, 11, 15, 16, 20, 23, 45, 52, 61, 70, 75, 96, 108, 114, 139, 171, 171а, 180, 191 бағыттарына бөлінді.
Сондай-ақ, қоғамдық көліктерде жолақысын енді Kaspi QR арқылы төлеуге болады. Ол үшін «Kaspi» қосымшасын жүктеп, валидатордағы немесе автобус кіреберісінде орнатылған QR кодты сканерлеу қажет. Егер сіз қолма-қол төлем жасағыңыз келмесе немесе Төлем картаңызды үйде ұмытып кеткен болсаңыз, QR-код бойынша оп-оңай төлей аласыз. Жолақысы бұрынғысынша – 70 теңге. Тексеру кезінде міндетті түрде электронды билетті көрсету қажет.
Эфир барысында басқарма басшысы тұрғындардың қоғамдық көлік бағыттары, қоғамдық көліктегі мәдениетті қалыптастыру, автобус аялдамалары бойынша сауалдарына жауап берді.