Шымкентте құрылыс дүкенінде өрт шықты

0
1 088

Өртті сөндіру барысында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


Шымкентте құрылыс дүкенінде өрт шықты

Шымкент қаласында құрылыс дүкенінде өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің «101» басқару пультіне 12 тамыз күні сағат 12:42-де Әл-Фараби ауданы, Әйтеке би көшесі бойында орналасқан құрылыс дүкенінде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімдері барлау жасап, жалпы көлемі 800 шаршы метр құрайтын 2 қабатты құрылыс дүкенінің 250 шаршы метр шатыр жанып жатқандығын анықтаған.
Өрт сөндірушілер судың үздіксіз беруін қамтамасыз етіп, өртті сағат 13:18-де оқшаулап, сағат 13:27-де толығымен сөндірді. Өртті сөндіру барысында зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар Департаментінің 45 қызметкері, 9 техникасы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.