Шымкентте құрылыс қоймасынан өрт шықты (видео)

0
545

Қоймада ДСП материалдары болған.


Шымкентте құрылыс қоймасынан өрт шықты (видео)

Шымкент қаласында құрылыс қоймасынан өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Ведомство мәліметінше, аталған оқиға 21 шілде күні сағат 14:42-де Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Сайрам көшесінде болған.

"Оқиға орнына №2 шақырту бойынша күштер мен құралдар жолданды. Алдын ала белгілі болғандай "Құрылыс материалы" ЖШС аумағында орналасқан қоймада өрт шыққан", - делінген баспасөз хабарламасында.

Қоймада ДСП материалдары болған.