Шымкентте құрылыс жұмыстары 2 есеге артқан

0
2 049

Шымкент қаласының макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар.


Шымкентте құрылыс жұмыстары 2 есеге артқан

Шымкентте 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, деп хабарайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында өткен жылы жалпы алаңы 439,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Ал қалада жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 2 есеге артқан. Бұл туралы қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен жиында экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Р.Мулкеманов мәлім етті.

Шымкент қаласының 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындысы туралы баяндаған басқарма басшысы қаланың макроэкономикалық көрсеткіштерінде өсім бар екенін жеткізіп: «Өнеркәсіп өнімінің көлемі 476 млрд. теңге болып, 2017 жылға өсімі 104,5 % құрап, жоспар орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің өсімі 104,9% құрап, жоспарға қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылға 100,3% құрады. Қалаға бағытталған инвестиция көлемі 2017 жылдан 2,5 есеге артып, жоспар асыра орындалды», -дейді Р.Мулкеманов.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі