Шымкентте күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

0
416

Көгалдандыру жұмыстарына мердігер мекеме “Build Stroi” ЖШС-і тарапынан 125 жұмысшы, 30 техника жұмылдырылып, кестеге сәйкес жұмыс атқарылуда.


Шымкентте күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында күзгі көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде ауданға қарасты орталық көшелерде көп жылдық гүлдер (раушангүл, хризантема) отырғызу және ағаш көшеттері мен газон егу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Т.Рысқұлов, Ұ.Арғынбеков, 1 автожол және Жібек жолы көшелерін көгалдандыру жұмыстары жүріп жатыр.
Көгалдандыру жұмыстарына мердігер мекеме “Build Stroi” ЖШС-і тарапынан 125 жұмысшы, 30 техника жұмылдырылып, кестеге сәйкес жұмыс атқарылуда.
Күз мезгілі ерте көктеммен бірге жеміс ағаштарының көшеттерін және елдегі көптеген жидек бұталарын отырғызу үшін оңтайлы болып саналады. Дегенмен, белгілі бір ережелерді сақтауды және әр түрлі өсімдіктердің сипаттамаларын ескеруді ұмытпаған жөн.
Алдағы уақытта бұл жұмыстар одан әрмен жалғасын тауып, ауданды жасыл желекке айналдыру үшін де көптеген жұмыстар атқарылатын болады.