Шымкентте қылмыс жасаған нигериялықтар шартты түрде түрмеден шықты

0
1 320

Жазасының жарты мерзімін өтеп шыққан олар түрмеден соң осында тұрақтаған. Шартты түрде бостандыққа шыққан шет елдіктердің Отанына қайтуға да заңды құқы жоқ.


Шымкентте қылмыс жасаған нигериялықтар шартты түрде түрмеден шықты

Түрмеден шартты түрде босап шыққан екі нигериялық азамат Шымкенттің əлеуметтік оңалту орталығын паналады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жазасының жарты мерзімін өтеп шыққан олар түрмеден соң осында тұрақтаған. Шартты түрде бостандыққа шыққан шет елдіктердің Отанына қайтуға да заңды құқы жоқ. Сөйтіп екі шет елдік темір тордан соң амалсыз Шымкенттегі əлеуметтік оңалту орталығын паналап отыр. Бірақ мұндағылар екі шет елдік тұрғындарының жақсы қасиеттерін байқағанын айтуда. Тəртіптері, ортада өздерін ұстауы оң дейді орталықтағылар.

Құрлық асып кеп Шымкентте қылмыс жасап бас бостандығынан айырылғандар тіпті қазақ тілін меңгеріп алған. Түрмеде тігіс тігіп, жамау жасқауды да үйреніп алған. Тіл үйреніп, кəсіп меңгерген олар екі қолға бір күрек іздеу қиынға соқпайтынына сенімді.

Обаха Жозефт, ниегриялық азамат, Шымкентте жазасын өтеуші:
"Отанымды сағындым. Нигериядағы отбасымды аңсаймын. Əйеліммен, бала-шағамен сөйлесіп, хабар алып тұрамын. Жазамның қалған мерзімін өз туған жерімде өтесем дұрыс болар еді. Мұндағылар да алғысым шексіз. Бізге барлығы ұнайды. Тамағы да, төсек орны да, бəрі керемет. Тек еліме қайтсам екен деймін".
Жалған ақша жасап, АҚШ долларын басып шығарудың тың тəсілдерін меңгеріп алған нигериялық бұл қос азамат шымкенттік кəсіпкерге бар білгенін үйретпек болған. Керек десеңіз, ол азаматқа қалай жасалатынын көрсетіп, қолына ұстатып, меңгертпек болыпты. Алайда шымкенттік қалталы азамат бұл ойынан айнып қалады. Құқық қорғау органдарына дереу хабарласып, шағым келтіреді. Құрлық асып, қулық асап, қылмысқа барған қос шет елдік құрықталып, сот үкімімен үш жыл тоғыз айға бас бостандығынан айырылған.
Түрмедегі үлгілі тəртібімен көзге түскен екеу мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шыққан. Бірақ Шымкенттегі əлеуметтік оңалту орталығы шет елдік тұрғындарын тек бір жыл ғана тұрқтандыра алады. Одан кейін қайда барары белгісіз. Дегенмен жазаның қалған бөлігін Нигерияда өтеу мүмкіндігін екеуі барынша қарастырып жтақанға ұқсайды.
Ақмарал Тасболатова, Шымкент қаласының əлеуметтік оңалту орталығының қызметкері:
"Бірі қыркүйек айының соңында келсе, екіншісі қазан айында келді біздің орталыққа. Келегелі тəртіптерінде кінəрат болған жоқ. Құжаттарын түгендеп жазасын өтеуді Нигерияға ауыстыруды көздейді. Біз да барынша құжат рəсімдеуге көмектесіп жатырмыз."
Алаяқтық үшін темір торға тоғытылған нигериялықтар сот кезінде де жазаларын өз Отандарында өтеуді сұранған еді. Бірақ өтініштері қанағаттандырылмаған.