Шымкентте қызметті онлайн түрде алатындар көбейді

0
640

10 минуттың ішінде өтінім ҚР ІІМ жүйесіне түсіп, азаматтың жеке кабинетінде расталады.

Шымкентте  қызметті онлайн түрде алатындар көбейді

Шымкенттіктер тұрғылықты жер бойынша онлайн арқылы жиі тіркеле бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Пандемия электронды қызметтердің дамуына үлкен серпін берді. Егер бұрын үлкені де, кішісі де қарапайым анықтамалар үшін халыққа қызмет көрсету орталығына баруды жөн көретін болса, карантин жағдайында азаматтар мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде ала бастады.

2020 жылы egov.kz порталындағы «Қазақстан Республикасы азаматтарын тұрғылықты жер бойынша тіркеу» қызметіне сұраныс екі есеге артып, 3000 азамат тұрғылықты жері бойынша тіркелген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласындағы баспасөз хатшысы Алтынай Татаеваның айтуынша, ол қызметті пайдалану үшін,тұрғын үй иесі мен онда тіркелу ниетін білдірген азаматта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеудің болуы міндетті) порталда авторизациядан өтуі қажет.

"Өтініш беруші – жылжымайтын мүлік иесі болса, өтінімді толтырып, содан кейін ЭЦҚ-мен немесе SMS-пароль арқылы қол қоюы жеткілікті. Тұрғын үйдің меншік иесі үшінші тарап болған жағдайда, өтініш беруші меншік иесінің ЖСН-ын, жылжымайтын мүліктің мекенжайын, уақытша тіркелудің мерзімін көрсетуі және меншік иесінің жеке кабинетіне келіп түсетін сұрау салуды жіберуі қажет. Тіркелуші азамат өтініш жасап, мүлік иесі оны растауы қажет" - деді Алтынай Татаева.

Мемлекеттік қызметті Egov.kz электронды үкімет порталында «Тұрғындарды тіркеу қызметін «Азаматтық, миграция және иммиграция» – «Халықты тіркеу және тіркеу есебінен шығару» бөлімінен табуға болады.