Шымкентте «Қызықты автобус» акциясы өтті

0
399

Кітаптарды насихаттау мақсатында қалалық автобус №10, №17, №96, №133 маршурттар бағытында жүріп өтті.


Шымкентте «Қызықты автобус» акциясы өтті

Шымкентте Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Қызықты автобус» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесіп қала қонақтары мен тұрғындарына кітап оқудың жаңа форматы таныстырылды. Атап айтатын болсақ, Әл-Фарабидің еңбектері, Шымкент қаласы туралы өлкетану әдебиеті және жергілікті ақын-жазушылардың 60 данадан аса кітаптарын насихаттау мақсатында қалалық автобус №10, №17, №96, №133 маршурттар бағытында жүріп өтті.
Кітапхана қызметкерлерінің мобильді топтары қала автобустарында QR-кодталған электронды кітаптардың үлгісін іліп, қала тұрғындарына, студент жастарға пайдалану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, «Кітап оқитын Шымқала» буккросинг акциясы аясында Абай атындағы қалалық кітапханасымен бірге, «Мобильді QR-кітапхана» жобасының таныстырылымын Чернобыль ардагерлер аллеясында өткізді.