Шымкентте қызықты сәулет туындысы орнатылды

0
3 096

Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі – 5 метр.


Шымкентте қызықты сәулет туындысы орнатылды

Шымкент қаласындағы дендросаябақта «Қызғалдақ – оңтүстік мұрасы» деп аталатын инсталляция орнатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл ақпарат Instagram желісіндегі visit_shymkent_kz парақшасында жарияланды. Аталған ақпаратқа сүйенсек, бір шоқ дала қызғалдақтарын ұстаған Жер-ананың әсем қолын бейнелейтін композицияның биіктігі 5 метрді құрайды. Сондай-ақ, инсталляция адам мен табиғаттың бірлігін, ал әсем гүлдер тарихи тұрғыдан қызғалдақтар алғаш рет Қазақстанның оңтүстік өңірінде пайда болғанын меңзейді.

«Қаланың жаңа әшекейлері туризм басқармасының тапсырысы бойынша орнатылды. Инсталляция авторлары – мүсінші, публицист, Қазақстан суретшілер Одағының Жамбыл филиалының төрағасы Айдархан Сихаев және мүсінші, атақты кино қоюшы-суретші Сергей Копылов», - делінген аталған жазбада.