Шымкентте қызылшаның таралуы бәсеңдеді

0
243

Қызылшаға шағым айтқан қоңыраулар да азайған.


Шымкентте қызылшаның таралуы бәсеңдеді

Шымкентте соңғы бір аптада қызылша ауруының таралуы бәсеңдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасына түскен науқастардың саны соңғы жеті күнде 37,3%-ға төмендеген.

Сондай-ақ жедел медициналық жәрдем станциясына қызылшаға күдікті қоңыраулардың түсуі 125-тен 94 қоңырауға дейін (24,8%-ға) азайғанын хабарлады Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Қызылша бойынша іс-шараларға қатысқан 1 144 медицина қызметкері оқытылды, оның ішінде маман қосымша жаппай иммундау бойынша оқытылды.

Халықты қызылшаға қарсы міндетті вакцинациялау қажеттігін түсіндіру үшін 8 729 аула аралау, 6 209 ақпараттық-түсіндіру әңгімелесу, діни қоғам өкілдерінің қатысуымен 174 дөңгелек үстел өткізілді. Нәтижесінде, ата-аналар иммунопрофилактика мәселелері бойынша емханаларға жиі жүгіне бастап, балаларды жоспарлы вакцинациямен қамту көрсеткіші 80%-ға ұлғайған.