Шымкентте лицензиясы жоқ кәсіпкерлер пиртоехникалық заттарды сата алмайды

0
1 890

Қала бойынша бүгінге дейін 21 рейдтік іс-шара өткізіліп, 4 хаттама толтырылған.


Шымкентте лицензиясы жоқ кәсіпкерлер пиртоехникалық заттарды сата алмайды

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қауіпсіздік шараларының сақталуы қатаң бақыланады. Бұл туралы Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Біріншіден, ірі сауда орталықтарында, базарларда үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, адамдар көп жиналатын нысандар ерекше бақылануда.
Екіншіден, Полиция департаментімен бірлесіп пиротехникалық заттарды сататын базарлар мен ірі сауда орындарында (Бекжан, Самал, Алаш, Айна, Ақбар, Қырғы базарлары және Мега орталық, Баян Сұлу, Магнум базарлары) рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда.
– Барлық ірі сауда орындарының және базарлардың пиртоехникалық заттарды сақтауға және сатуға лицензиясы болуы тиіс. Болмаған жағдайда кәсіпкерлер жауапкершілікке тартылады, - деді департамент басшысы.
Айта кетейік, шаһар бойынша бүгінге дейін 21 рейдтік іс-шара өткізіліп, 4 хаттама толтырылған.