Шымкентте медиация кабинеті ашылды

0
880

Мегаполистегі №80 мектеп-лицейінде кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу мен олардың құқығын қорғау мақсатында арнайы кабинет ашылды.


Шымкентте медиация кабинеті ашылды

Шымкентте кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын түзеу және олардың тұлға ретінде қалыптасуына, олардың құқықтарының қорғалуына ықпал ету мақсатында қаладағы №80 мектеп-лицейде медиация кабинеті ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Салтанатты ашу рәсімі барысында төраға Д.Сайханов өз сөзінде, сотқа дейінгі медиацияны іске асырудың өзектілігі мен тиімділігі және оны халыққа кеңінен насихаттаудың маңыздылығына тоқталып, дау-дамайсыз өмір сүру қағидаларын мек тептен бастап жастар бойына сіңіріп, кеңінен насихаттау қажеттігі туралы айтып өтті.

Жиынға қатысушылар мектеп медиациясын дамыту және медиацияны кең ауқымда насихаттау даулардың мектеп қабырғасында шешімін табуға мүмкіндік беретіні жөнінде өзара пікір алмасты.