Шымкентте медициналық бетпердесіз жүрген адамдарға айыппұл салынады

0
153

Төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар сот шешімі бойынша 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы да мүмкін.


Шымкентте медициналық бетпердесіз жүрген адамдарға айыппұл салынады

Шымкетте төтенше жағдай режимін бұзып, көшеде бетпердесіз жүрген азаматтарға бірінші жолы ескерту беріледі. Ал, екінші жолы ҚР Әкімшілік Кодексінің 476 бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасы медиа-аналитика тобының бас маманы Ержан Пайзбеков мәлімдеді.

— Ең алдымен барлық тұрғындарды аса қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға шақырамыз. Үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін немесе жұмысқа баруға тура келетін жағдайда ғана шыққан жөн. Үйден шыққан кезде медициналық бетперде мен қолғап киіп, қауіпсіздік талаптарын мұқият сақтау керек. Ал, төтенше жағдай режимін бұзып, көшеде бетпердесіз жүрген азаматтарға бірінші жолы ескерту берілелді. Екінші жолы ҚР Әкімшілік Кодексінің 476 бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады, - дейді Е.Пайызбеков.

Полиция департаменті өкілінің айтуынша, төтенше жағдай режимін бұзған азаматтар сот шешімі бойынша 10 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алынуы да мүмкін.

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет