Шымкентте мектеп басшылары аттестациядан өтті

0
2 585

Сынақтан сүрінгендері 6 ай айдан кейін қайта аттестациядан өтеді.


Шымкентте мектеп басшылары аттестациядан өтті

Шымкентте мектеп директорлары арнайы аттестациядан өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 54 мектептің директорлары тест тапсырды. Тестілеудің алғашқы легінде 19 мектеп басшысы кезектегі аттестациялаудан оң нәтиже көрсетті. Соның бірі қаладағы №18 Ш. Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің директоры Гүлнар Сембайқызы Омарова.


Ол аталған мектепте 1998 жылдан бері директор орынбасары лауазымында қызмет атқарып келген. Жалпы еңбек өтілі 26 жыл. Оның 6 жылдан астамында аталған мектептің басшылық лауазымында болған. Мерзімі келіп, сыннан сүрінбей өткен ұстаз Гүлнар Сембайқызы, аттестациялаудан екінші рет өтіп отырғанын айтады. Тестілеу сәтінде зор сенімді мақсат тұтқан мектеп басшысы жүзге жуық ұпай жинап жеңіске жеткен.


Өткен аптада директорларды кезектегі сынақтан өткізуде олардың біліміне баға беретін арнайы комиссия жасақталды. Сынақ алушылардың қатарынан білім басқармасының мамандары мен басшысынан бөлек, бірқатар мемлекеттік мекеме басшылары төрелік етті. Үш жылда бір өтетін дәстүрлі сынақ бұл жолы да өз деңгейінде өтті.
Үшінші Мегаполистегі ең мықты деген білім беру ұйымдарының басшылары сынақ баспалдағынан басымдық танытып, өз кәсіби шеберліктерін шынайы дәлелдеп берді. Ал сынақтан сүрінгендері араға 6 ай салып, қайта аттестациядан өтеді.