Кездесу барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында мектеп оқушыларының қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Аталған кездесудің мақсаты - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау. Қыз балалардың тәрбие үдерісінде психологиялық заңдылықтарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру, қыздардың шығармашылық және интеллектуалдық потенциалдарын дамыту.
Кездесу барысында қатысушы қыздарға ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, түрлі әдістемелік ойындар ойнатылды.